ІІМ Алматыдағы банкке жасалған шабуылды кәдімгі қарақшылық деп атады

1360

ІІМ Алматыдағы банкке жасалған шабуылды кәдімгі қарақшылық деп атады

Алматыдағы банке жасалған шабуылға радикалдардың қатысы жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Тілшілер министрден Алматыда банкке жасалған шабуылға діни радикалдардың қатысы бар ма, деп сұраған еді.

"Жоқ, әзірше біз мұндай байланысты байқамадық. Бұл кәдімгі қарақшылық. Олар, қылмыскер банктың жұмыс тәрібін тыңғылықты зерделеген. Мұны банктің өзі анықтайтын болады. Ол - "Центркредит" банкі. Таңертең ерте ол жерге ақша әкелген. Күзетші ақшаны тапсырып, қол қойғаннан кейін дәретханаға кеткен. Сол кезде екі қылмыскер басып кіріп, онымен бірге ақша ұрлау мақсатында банкке енбек болған. Күзетші өзінің травматикалық қаруын қолданып үлгермеген, атпаған. Олар оның қаруын тартып алған. Дәл сол кезде басқа қызметкерлер келгеннен кейін қылмыскерлер қашып кеткен. Қазір қылмыскерлерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл қарақшылық шабуыл", – деді ол. 
Айта кетейік, бүгін 08 сағат 10 минутта Алматы ІІД Жедел басқарма орталығына Алмалы ауданындағы "Центркредит" банк бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз екі адам оның қаруын тартып алған. Қазіргі уақытта қала бойынша "Сирена" арнайы жоспары жарияланды. Қылмыскерлерді іздеуге және ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу