"Бір апта ішінде 3 018 қылмыс жасалды. Оның 1 914-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 18 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 27 тонау және 440 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты", - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар ол өткен аптада Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі қылмыстық жағдайдың 10 айдағы жай-күйі туралы есеп бергеніне тоқталып өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу