ІІМ аса ірі көлемде есірткі әзірлегендерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

329

Қолданыстағы заңнама бойынша бұл қылмысқа барғандар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

ІІМ аса ірі көлемде есірткі әзірлегендерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды Фото: freepik.com

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, "Синтетикалық есірткіні" өндірумен байланысты қауіп-қатерді ескере отырып, есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту туралы заңнамаға түзетулер әзірленген.

"Қазір есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар есірткіні өткізу мақсатында бір топ адаммен және аса ірі көлемде әзірлегені және қайта өңдегені үшін жауапкершілікке тартылады, санкциясы - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ұсынылатын түзетулерде осы әрекеттер 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ҚК 297-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежеленетін болады", - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу