ІІМ әскер қатарына шақырылған сарбаздың өзіне қол салуына қатысты қылмыстық іс қозғады

Орталық аймақтық әскери тергеу басқармасы істі зерделейді. 

ІІМ әскер қатарына шақырылған сарбаздың өзіне қол салуына қатысты қылмыстық іс қозғады Фото: Abai.kz

Астанада орналасқан Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Сұлтановтың өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"ІІМ Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиға орнында тәжірибелі қызметкерлерден құралған жедел-тергеу тобы тексеріс жүргізіп, материалдар тәркіленді. Айғақ заттар, соның ішінде марқұмның ұялы телефоны мен бейнебақылау камерасы алынды, сот-медициналық сараптама тағайындады", - деді ІІМ Әскери тергеу басқармасының бастығы Серікбай Құсайынов.

Ол оқиға кезінде Сұлтановтың жалғыз болғанын айтты.

Оның әріптестері мен командирлерінен жауап алу басталды.

9 қазан күні сағат 1.00 шамасында Сұлтанов қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу