ІІМ әскери қызметкерлерге ақшалай үлес, жәрдемақылар төлеу ережесін әзірледі

781

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ІІМ әскери қызметкерлерге ақшалай үлес, жәрдемақылар төлеу ережесін әзірледі Фото: gov.kz

Құжатта мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай қамтылымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтитыны жазылған.

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.

Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе мөлшерден аз төленген ақшалай ризық әскери қызметшінің талап мерзімінің өтуі шегінде оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.

Бұл ретте атқаратын лауазымдарын әскери қызметшілерге арналған лауазымдар санатының топтарына жатқызуға байланысты лауазымдық айлықақыларының, еңбек өтілінің, әскери атағы бойынша жалақысының мөлшері әскери қызметшілерге есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін қызмет өтілін есептеу жөнінде комиссиялар құрылады.

Әскери бөлімдегі (республикалық мемлекеттік мекемедегі) комиссияның құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды адамдары (кадр бөлімшесі болмаған жағдайда – жеке құрамның есебін жүргізетін адамдар) енгізіледі.

Штатта қосарлы атауы бар лауазымдар бойынша лауазымдық айлықақы лауазымның бірінші атауы бойынша белгіленеді.

Ережеде әскери қызметшіге ақшалай жәрдемақы және лауазымдық айлықақы төлеу тәртібін, ауырған, еңбек демалысында болған, сондай-ақ әскери қызметші қайтыс болған кезде ақшалай жәрдемақы төлеу тәртібі қарастырылған.

Сонымен қатар қызмет көрсетудің ерекше шарттары үшін сыйлықақы төлеу тәртібі жазылған.

Құжат 15 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу