Ішкі істер министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады

373

Балалар әлеуметтік желілерде кездесуі мүмкін қауіптер туралы білуі тиіс.

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады Фото: infozakon

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Балалардың көңіл күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Егер қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, жағдайды тез арада қолға алу қажет. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін", - деді ведомство өкілі.

Сөзінше, балаларға ғаламторда қауіпсіздік шараларын сақтауды үйрету қажет. 

"Балалар әлеуметтік желілерде немесе онлайн-ойындарда кездесуі мүмкін қауіптер туралы білуі қажет. Егер олар күдікті дүниеге тап болса, көмек сұраудан қорықпауы тиіс", - деп қорытындылады Шыңғыс Алекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу