Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтар жазаланады

236

Қазақстан заңдары бойынша шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу заңсыз әрекет болып саналады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтар жазаланады Фото: Павел Климов/Reuters

Ішкі істер министрлігінің өкілдері азаматтарға сақтық танытып, теріс бағыттағы ақпараттардың жетегінде кетпеу керектігін ескертті.

Өйткені, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен келісімшарт жасауға шақыратын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер таралып жатыр.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекс бойынша, Қазақстан азаматтары шетелдегі қарулы қақтығыстарға заңсыз қатысса, 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ. Ал ақша үшін қолға қару алу фактісі бойынша 7 жылдан, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу