ІІМ бала қауіпсіздігін бақылайтын жаңа жүйе енгізді

1218

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады. 

ІІМ бала қауіпсіздігін бақылайтын жаңа жүйе енгізді

"Биыл Ішкі істер министрлігі қолға алған жобалардың бірі – балалардың қайда жүргенін анықтайтын "Мені тап" балалар қауіпсіздігі жүйесі. Сондай-ақ, көшедегі жедел шақыру SOS түймесі бар. Оны басқан кезде полицияға жүгінуге болады", – деді спикер. 

Сонымен қатар Нұрділдә Ораз ҚР Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің жұмысына тоқталды. 

"Қоғамдық кеңес ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 196 құқықтық акті жобасы бойынша ұсынымдар бере отырып, сараптама жүргізді, азаматтардың өтініштерін қарады", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу