ІІМ: Былтыр 2 мыңға жуық есірткі сайтының жұмысына шектеу қойылды

Оның 1493-і бұғатталды.  

ІІМ: Былтыр 2 мыңға жуық есірткі сайтының жұмысына шектеу қойылды Фото: pexels.com

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел уәкілі Данияр Амантайұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Трансшекаралық есірткі топтарына қарсы күресті күшейту мақсатында шекаралас мемлекеттердің құзыретті органдарымен тығыз ынтымақтастық жалғасуда. Есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсорлар мен басқа да ингредиенттерді жеткізу арналарын анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар қабылдануда", – деді спикер.

ЕҚҚІД тарапынан күн сайын елдегі есірткі ахуалына мониторинг жүргізіліп, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар ерекше бақылауда.

"2022 жылы "Кибернадзор" АЖ арқылы 1996 есірткі сайтының жұмысына шектеу қойылып, оның 1493 бұғатталды. Биыл жыл басталғалы 179 интернет парақшалары мен сайттар шектеуге жіберіліп, 69 бұғатталды", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу