ІІМ-де Дубайдағы турнирде ел намысын қорғаған қызметкерлер марапатталды

83

Биыл Қазақстан атынан жарысқа әртүрлі ведомстволардан іріктелген 5 құрамалық команда қатысты.    

ІІМ-де Дубайдағы турнирде ел намысын қорғаған қызметкерлер марапатталды Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен беделді халықаралық турнирде ел намысын абыройлы қорғаған қызметкерлерді марапаттау салтанаты өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінен арнайы бөлімшелер жоғары дайындықтарын көрсетті және жүлделі орындарға ие болды:

  • Kaz SWAT Team C – 1 орын;
  • Kaz SWAT Team A – 2 орын;
  • Kaz SWAT Team B – 8 орын;
  • Kaz SWAT Team D – 20 орын.

Әйелдер арасындағы командаларда Tomiris командасы – жалпы есепте 18-орын және әйелдер құрамасы арасында 1-орынды иеленді.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, олардың жетістігі тек спорттық нәтиже емес, сонымен қатар қазақстандық құқық қорғаушылардың жауынгерлік дайындығы, тәртібі мен рухтың мықтылығын көрсететінін атап өтті.

Салтанат барысында қызметкерлерге арнайы марапаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Бұл нәтиже – қажырлы дайындық пен антқа адал болудың нақты көрінісі. Халықаралық аренадағы бұл жеңіс Қазақстанның абыройын арттырып, барлық қызметкер үшін үлгі болатыны сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу