Polisia.kz сайтының жазуынша, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа тағайындау барысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының еліміздегі есірткі жағдайын жақсартуға қатысты, әсіресе жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына мықты тосқауыл қою жөнінде нақты тапсырмалар бергенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында бүгінде ІІМ-де Есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күрес бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Ведомство басшысы атап өткендей, бұл жоспардың маңызды бағыттарының бірі – есірткі және нашақорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Марат Ахметжанов оның жұмыс тәжірибесін, оның белсенділігі мен сауаттылығын атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Ол құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әкімшілік, арнайы полиция қызметтерінде басшылық лауазымдарды атқарды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінде 12 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Соңғы атқарған лауазымы – осы қызметтің басқарма бастығы.