"Ведомство мұражайында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ішкі қызмет генерал-майоры Ғазиз Сұлтановқа арналған экспозиция ашылды.
Естелік бұрышының ашылуына Халық Қаһарманы, бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, ІІО ардагерлері мен мерейтой иесінің ұрпақтары қатысты.
Ғазиз Сұлтанов ІІМ басшыларының арасында ерекше құрметке ие. Ол саналы ғұмырын ішкі істер органдарына ғана емес, сонымен қатар машина жасау саласына арнап, өзін дарынды басшы және қабілетті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді.
Экспозицияның ашылуы - оның рухына деген құрмет. Бұл жерде оның өмірі мен еңбек жолының тарихы жинақталған. Даңқты генералдың есімі жас полицейлер үшін қашан да үлгі.", - деп жазды Сәденов.