Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі, ресейлік Екатерина Биволға қатысты қозғалған іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін елімізде Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Танымал боксшының бұрынғы әйелі әлеуметтік желілерде қырғыз және қазақ халқын қорлайтын сөздер айтқан.
"Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу жалғасып жатыр. Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Ол ұсталған жағдайда, Бас прокуратура арқылы оны экстрадициялау мәселесін қарастырамыз", – деді вице-министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу