Азат Перуашевке жасалған кибершабуылдан кейін қылмыстық іс қозғалды

651

Тергеу барысында шабуылдардың артында тұрған тұлғалар мен тиісті сайттардың иелері анықталатын болады.

Азат Перуашевке жасалған кибершабуылдан кейін қылмыстық іс қозғалды Фото: Ақ жол партиясы

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов экс-депутат Азат Перушевке қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"28 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жедел тергеу тобы құрылып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Біз олардың қорытындысын күтіп отырмыз. Қазіргі таңда біздің жұмысымыз жалған ақпарат таратқан жалған серверлерді іздеуге және анықтауға бағытталған", – деді Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте.

Бұған дейін экс-депутат Азат Перушев кибершабуылға тап болғанын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, WhatsApp қосымшасына белгісіз нөмірлерден 200-ден астам хабарлама келген. Бұдан бөлек WhatsApp аккаунты да бұғатталғаны да айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу