ІІМ: Енді тәртіп бұзғандар видео арқылы кешірім сұрамайды

348

"Бұдан былай тәртіп бұзған қазақстандықтарды кешірім сұратып, видеоға түсірмейміз".  

ІІМ: Енді тәртіп бұзғандар видео арқылы кешірім сұрамайды Фото: gov.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз ақпаратты беру тәсілін жетілдіріп жатырмыз. Құқық бұзушыны көпшілік алдынан кешірім сұрату форматынан толық бас тартамыз. Себебі, олар бәрібір жауапқа тартылады. Бірақ қоғамда біз оларды жауапкершіліктен босатқандай көрінеміз. Енді оның орнына олардың қоғамдық жұмыстарды қалай орындайтынын көрсетеміз. Ондағы негізгі мақсат – көпшілік алдында ұялту. Осылайша, біз кінәлі адамның қоғамдық жұмыстарды қалай орындайтынын, заң алдында бәрінің тең екенін, жазаның бұлтартпаушылық принципі қалай орындалатынын көрсетеміз. Яғни видео, фотоға түсіру және әртүрлі тәсілдер арқылы", - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен кездесуде тілшілерге.

Оның айтуынша, енді танымал адамдар заң бұзса, олардың жазасын қалай өтеп жатқаны видеоға түсіріледі.

"Егер белгілі адамдар заң бұзып, соттың шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылса, неге мұны істемеске? Оларды да көрсетеміз", - деп мәлімдеді ресми өкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу