ІІМ есірткі тарататын 740 сайтты бұғаттады

884

ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз полицияның есірткіге қатысты қылмыспен қалай күресіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ІІМ есірткі тарататын 740 сайтты бұғаттады

"Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі 3,5 мың есірткі қылмысын, оның ішінде 758 өткізу фактісін анықтады. Соның ішінде 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді. 41 килограммы синтетика болды. Ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтарының 3 көшбасшысы мен 30 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Есірткі тарататын 740 сайт бұғатталып, 10 есірткі зертханасы жойылды", – деді Нұрділдә Ораз бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша бұл тұрғыда алдын алу сипатындағы шаралар кешені маңызды. Оқу орындарында есірткіге бейім топқа кіретін жасөспірімдерді ерте анықтаудың және олармен жұмыс істеудің заманға сай әдістері енгізіліп жатыр.

"Қазір біз нашақорлықтың бастапқы алдын алу мәселелері бойынша 60-тан астам үкіметтік емес ұйыммен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жүргіземіз. Жалпы қоғам осы қылмыс түріне қарсы топтасып, бірлескен жұмыстар жүргізгенде ғана қазіргі заманның жаһандық проблемасы –  нашақорлықты шешуде нәтижелерге қол жеткізуге болады", – дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу