ІІМ: есірткімен айналысқан 4 қылмыстық топ құрықталды

572

Жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ІІМ: есірткімен айналысқан 4 қылмыстық топ құрықталды Фото: ortcom.kz

"Есірткі мен нашақорлық қоғамды қатты алаңдатып отыр. Еліміздегі ахуалға 3 негізгі фактор әсер етеді. Біріншіден, Орталық Азия, Қазақстан, Ресей мемлекеттері арқылы өтіп, әрі қарай Еуропаға апаратын "Солтүстік бағыт" бойынша ауған героинінің трафигі бар. Екіншіден, синтетикалық есірткілердің кең таралу қаупі бар. Үшіншіден, еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Шу алқабы және Қызылорда облысы) каннабистен жасалатын есірткінің түрлері бар", - деді Б.Әмірханов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жыл басынан бері барлық құқық қорғау және арнайы органдар бірлесіп 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысын анықтады. Соның 60 пайызы есірткі сату қылмысына қатысты.

"Жалпы, 12,7 тонна есірткі тәркіленді. Осы орайда есірткінін негізгі түрлеріне тоқталсақ, героин – 33 келі, апиын – 68 келі, синтетика – 507 келі, гашиш – 705 келі, марихуанна 4 тоннадан астам болса, қалғаны есірткінің басқа да түрлері", - деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының сөзінше, 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмысы әшкереленді. Соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтын 32 белсенді мүшесі құрықталған. Олар 13 аса ауыр есірткі қылмысын жасағаны үшін айыпталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу