ІІМ ескертеді: шырша кескендер сотталады

527

Жаңа жыл қарсаңында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтті.  

ІІМ ескертеді: шырша кескендер сотталады Фото: egemen.kz

Елдімекендерде қылқан жапырақты ағаштардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде өткізуге тыйым салу, сондай-ақ, тиісті құжаттарсыз тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылған.  


"Қылқан жапырақты ағаштарды сатуға рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда, сатушы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Осы бап бойынша: 
Жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде,   
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК мөлшерінде,   
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескертулер жасалады.   
Орман ағаштарын заңсыз кесу анықталған кезде ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделеді", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ министрлігі.    

Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу