ІІМ Фейсбукте онлайн-қабылдауды іске қосты

574

"Ішкі істер министрінің блогына"  жыл басынан бері азаматтардан 2000-ға жуық өтініш келіп түсті. 

ІІМ Фейсбукте онлайн-қабылдауды іске қосты

Ішкі істер министрлігі Фейсбук әлеуметтік желісінде Азаматтарға арналған қоғамдық онлайн-қабылдауды іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы есепті кездесу барысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. ІІМ басшысы "қоғамның полиция жұмысына деген үлкен қызығушылығын ескере отырып, біз қауіпсіздік жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстар мен тілектер үшін әрдайым ашықпыз", – деп атап өтті.

Айта кету керек, ІІМ жүйесінде халықпен "кері байланыстың"  басқа да арналары жұмыс істейді.

"Ішкі істер министрінің блогына"  жыл басынан бері азаматтардан 2000-ға жуық өтініш келіп түсті. Ведомстволық сайтта "Сұрақ-жауап" сервисі жұмыс істейді, онда бірде-бір өтініш қараусыз қалмайды. ІІМ-нің әлеуметтік желілерде аккаунттары белсенді жүргізіліп жатыр. Өңірлік деңгейде полиция департаменттері бастықтарының жеке парақшалары ашылды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тікелей эфир өткізіп, жергілікті маңыздағы сұрақтарға түсінік беріп, азаматтардан ұсыныстар қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу