ІІМ: Қаскүнемдер Қазақстанда түсірілді деп жалған бейнежазбалар таратуда (Видео)

1650

ІІМ Тергеу департаменті көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ІІМ: Қаскүнемдер Қазақстанда түсірілді деп жалған бейнежазбалар таратуда (Видео)

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда ұшақ пен тікұшақтардың көмегімен вирустық және биохимиялық оқ-дәрі шашылып жатқандығы туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарғанымен, кейбіреулер азаматтарды адастыру әрекетін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде шөл жерлерде ұшақтардың қызыл түсті ұнтақ секілді затты шашып жүргені түсірілген видеолар тарап кеткен. Бұл жарияланымдардың авторлары кадрлар Қазақстанда түсірілген деп сендіреді.

ІІМ Тергеу департаменті көрінеу жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ішкі істер министрлігі бейнежазбаның толық нұсқасын зерттеді, нәтижесінде бейнежазбадағы ұшақ АҚШ-тағы өртті сөндіруге жұмылдырылған "Tanker Air Carrier 914" ұшағы екені белгілі болды. Бұл бейнежазба "Goal Aircraft" жеке американдық әуе компаниясының Facebook-тегі аккаунтынан көшіріліп алынған",– ведомстводан.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары боялған сумен өртті сөндіру тәжірибесі АҚШ пен Австралияда қолданылады дейді. Олардың айтуынша, бояу экипажға алдыңғы лақтырудың нәтижесін көруге қайтадан дәл көздеуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл судың құрамында ағашқа сіңіп, өрттің таралуын кешіктіретін арнайы тыңайтқыш бар. Өртке қарсы ұшақтардың экипаждары ең төменгі биіктікте – ағаштардың бұтақтарына 60-100 метр жақын ұшуға тура келеді. Көбінесе суды өрттің өзіне емес, жалынның жолындағы учаскелерге төгеді.

Қаскүнемдер таратқан өрт сөндіру кадрлары биылғы жылдың маусым айында АҚШ штаттарының бірінде өрт сөндіру кезінде түсірілген.

"Мұны ұшақтардағы тану белгілері, өрт сөндіру қызметінің (Fire AZ-TNF – Tonto National Forest – Тонто ұлттық қорығы) автокөліктеріндегі нөмірлік белгілер және бейнежазбаның толық нұсқасындағы өрт сөндірушілердің ағылшын тіліндегі сөздері куәландырады",– деп хабарлайды ІІМ.

Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Өтірік ақпарат таратқандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу