ІІМ Кексельдің ісіне қатысты түсініктеме берді

1105

Тергеу қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылған.

ІІМ Кексельдің ісіне қатысты түсініктеме берді

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның бұрынғы арнайы прокуроры Кексельдің үстінен қозғалған сотқа дейінгі тергеудің тоқтатылғанын айтты.

"Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу  қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты тоқтатылды. Онда тергеу әрекеттері жүргізілді. Материал қаншалықты заңды екенін зерттеу үшін 5 желтоқсанда прокуратураға жіберілді", – деді министр.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу