ІІМ көлігі газбен жүретіндерге ескерту жасады. Заңға бағынбағандар қанша айыппұл төлейді?

355

Айыппұл көлемі 11 мың теңге болмақ.

ІІМ көлігі газбен жүретіндерге ескерту жасады. Заңға бағынбағандар қанша айыппұл төлейді? Фото: Колеса

Қазақстанда полиция газбен жүретін көліктердің иелеріне ескерту жасап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 қаңтардан бастап елімізде ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары" ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер "GAS" деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс", - делінген хабарламада.

Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет.

Бұл шара қауіпсіздік мақсатында енгізілді.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша тәртіп сақшылары облыс орталығында автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы айтты.

Талапқа бағынбағандарға 11 мың теңге айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу