ІІМ қосымшалар арқылы смартфондарға қашықтан қол жеткізу схемасы туралы ескертті

102

Ішкі істер министрлігі азаматтардың смартфондарына зиянды қосымшаларды орнату арқылы қашықтан қол жеткізетін алаяқтық схема туралы ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ІІМ қосымшалар арқылы смартфондарға қашықтан қол жеткізу схемасы туралы ескертті Фото: canva

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қазіргі уақытта Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаны орнатып, тарату жағдайлары тіркеліп отыр. Қаскөйлер оны тарату үшін түрлі тәсілдер қолданады.

Атап айтқанда: 

  • мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишингтік сілтемелерді тарату; 
  • жалған мобильді қосымшалар; 
  • фото, бейне және құжаттар түрінде жасырылған зиянды қосымшалар; 
  • мемлекеттік органдар, банктер және жеткізу қызметтері атынан жіберілетін хабарламалар; 
  • акцияға немесе ұтыс ойынына қатысу сылтауымен қосымша орнатуды талап ететін қоңыраулар. 

Мұндай бағдарлама орнатылғаннан кейін алаяқтар құрылғыға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шоттардағы қаражаттың ұрлануына, онлайн-несиелердің рәсімделуіне, жеке деректер мен хат алмасудың таралуына, сондай-ақ телефонды бұғаттап, төлем талап етуге әкеп соғуы мүмкін. 

Өзіңізді қорғау үшін үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, тек ресми қосымшаларды және антивирустық бағдарламаны пайдаланыңыз, банк операциялары туралы хабарламаларды қосыңыз. 

Телефоныңызда қауіпті бағдарламаның болу белгілері: батареяның тез таусылуы, құрылғының қызып кетуі және бейтаныс қосымшалардың пайда болуы.

– Күдік туындаған жағдайда интернетті дереу өшіріңіз, банкпен байланысыңыз және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сақ болыңыз. Цифрлық қауіпсіздік өзімізден басталады, – деді ІІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу