"Не десек те, Қазақстанда өмір сүру қауіпсіздеу боп келеді". Бас полицей осыған сендіріп отыр.
"Криминогенді ахуал жақсарды" деген Ахметжанов жыл басынан елде жасалған қылмыс саны 19 пайызға азайғанын айтып мақтанды.
Сөзіне сенсек, кісі өлтіру 51, бұзақылық 47, ал ұрлық-қарлық деңгейі 16 процентке қысқарған.
Ішкі істер министрлігі енді 5 жылдық тұжырымдама жасап шығармақ. Оның нәтижесінде полиция трансформацияланып, қоғамдық орындардағы бақылау камераларының саны артатын көрінеді. Министр тұжырымдама жасақтаудан бөлек, есеп берудің жаңа форматына көшуді жоспарлап жүр екен. Ахметжанов қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндама жасауды ұсынып отыр.
"Ұлттық баяндама болады. Сол жерде қылмыстың өсуіне қандай себептер болды, осы себептер неге оқшауланбады, оған кім кінәлі,сондай іс-шараларды көздеп отырмыз. 1209-1223 серіктестік, ынтымақтастық, бүкіл мемлекеттік органдармен, жергілікті атқару биліктен, қоғамдық кеңес, басқа да қоғам мүшелерімен", - деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.