"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынына билетті қымбатқа сатқандар тексерілуі мүмкін

650

Арыз түссе, министрлік тексеріс жүргізуге сақадай сай тұр. 

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынына билетті қымбатқа сатқандар тексерілуі мүмкін Фото: todayinfo.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынына билетті алып сатқандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде билеті бар адамдардың өзі матчқа кіре алмай қалған деген ақпарат тарады. 

Тілшілер "Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдары 50 билетті сатты деген ақпарат бар. Олар билеттерді 200 пайыздық үстеме бағамен сатқаны туралы айтылады. Бұл фактілер тексеріле ме?" деп сұрады.

"Бұл ақпаратты қазір сізден алдым. Біз тексеру жүргізуге дайынбыз. Ол үшін бізге арыз қажет. Соның негізінде біз міндетті түрде тексеру жасап, процессуалдық шешім қабылдаймыз", – деді вице-министр.

Санжар Әділов әлеуметтік желілерде осы билеттерге қатысты шағыммен таныс емес екенін айтты. 

Айта кету керек, бұған дейін Хаби Алонсо "Қайрат" футболшыларының ойынына баға бергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу