ІІМ мектеп бітіруші түлектерге үндеу жасады

809

Осы аптада республика бойынша мектеп бітіру кештері өтеді. 

ІІМ мектеп бітіруші түлектерге үндеу жасады Фото: google.com

Ішкі істер министрлігі мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, алдыңғы жылдары түлектердің катысуымен әр түрлі құқық бұзушылықтар орын алған. 

"Іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік нарядтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылды, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Жалпы бұл іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Ведомство ата-аналар және түлектерден қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүрісі қағидаларын сақтауды, су қоймасында қауіпсіздік шараларын қабылдауды сұрайды. 

"Тәрбиешілер, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек. Құрметті түлектер мен олардың ата-аналары, бұл мереке сіз үшін тек жақсы жағынан есте қалуы тиіас. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз", – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу