ІІМ мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мораториді елемеген

821

Мемлекеттік органдар қызметтік көлікке деген қызығушылығын тыя алмаған. 

ІІМ мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мораториді елемеген

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов мемлекеттік органдар қызметтік көлік сатып алуға қатысты шектеу шараларын айналып өткенін мәлімдеді.  

Оның сөзінше, мемлекеттік органдар мораторий жарияланғанына қарамастан қызметтік көлік сатып алуды жалғастыра берген. 

"Әкімдіктердің тарапынан көлік сатып алудың бірен-саран дерегі бар. Дегенмен көп жағдайда әкімдіктер нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген техникалық сипаттама шегінде сатып алған. Жекелеген деректерге келетін болсақ, оларға қатысты тексеру жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша қосымша ақпарат береміз", – деді департамент директоры.

Сәбит Ахметовтың айтуынша, ішкі істер министрлігі мен өңірлік полиция департаменттері және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көлік сатып алудан алдарына жан салмаған. Дегенмен автокөліктердің басым бөлігі жарияланған мораторий бойынша белгіленген шектеу шегінде сатып алынған. 

"Екі шектеу бар. Біріншісі, жеңіл автокөлік қозғалтқышының көлемі 2 текше метрден аспауы және базалық жиынтықтан жоғары болмауға тиіс. Екіншісі, көлік құралы Қазақстанда құрастырылға болуы шарт", – деді департамент директоры.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу