Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Адам саудасымен айналысатындар материалдық мақсатты ғана көздейді. Олар түрлі айла-тәсілдер қолданып, құрбандарға зорлық-зомбылық көрсетуге дейін барады. Тәжірибе көрсеткендей, халықтың әлеуметтік осал топтары мұндай жағдайларға көбірек тап болады", – деді спикер.
Айтуынша, бұған көбінесе жұмыссыздық, сауатсыздық, интернеттің ықпалы, оңай олжа табуға ұмтылу сынды факторлар әсер етеді.
"Жаңа туған нәрестелер балаларды сату қылмыстарының негізгі нысанына айналады. Адам ағзасын сатуға – қарыздық міндеттемелер (несие) ықпал етеді. Бұған бір жағынан заңнаманың жетілдірілмеуі, репродуктивті денсаулықтың нашарлығы да ықпал етеді. Аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған", – деді Қанат Нұрмағамбетов.