ІІМ: Нұр-Сұлтанда тасқын қаупі бар

1064

Тасқын маусымына шұғыл шығындар резервінен 34,2 млрд теңге қарастырылған.

ІІМ: Нұр-Сұлтанда тасқын қаупі бар

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көктемгі тасқын маусымына дайындық барысын баяндады.

"Қазгидромет" РМК-ның алдын ала болжамы деректері бойынша елдегі қар қоры мен өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі нормадан айтарлықтай жоғары. Қар басу процесі жалғасуда. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың қиындауы өте ықтимал", – деген министр жалпы республика бойынша 609 елдімекеннің қарғын су құрсауында қалуы мүмкін екенін ескертті.

"Қазір елімізде 609 елдімекенді және 675 автомобиль жолын және 259 темір жолды су басу қаупі бар. Су басуды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар елдімекендерден 8,8 млн текше метрден аса қар шығарды. Шұғыл шығындарға арналған резервтерде 34,2 млрд теңге көзделген", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу