ІІМ өкілі мал ұрлығынан қорғанудың жолдарын айтты

820

Жоғалған малды табуға ен-таңба мен GPS-құрылғылар да көмектеседі.

ІІМ өкілі мал ұрлығынан қорғанудың жолдарын айтты

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев мал ұрлығынан сақтанудың жолдарын атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Мал ұрлығына қарсы тұруда полиция өкілдерімен бірге мемлекеттік және жергілікті ақтару органдарының үйлескен әрекеті де маңызды. Мал иелеріне мынадай кеңестер бергім келеді. Жоғалған малдың 70 пайызы жайылымнан  ұрланатынын ескерсек, қараусыз жіберуге болмайды. Келісімшарт арқылы малшы жалдап, асыл тұқымды малды бағудың заманауи тәсілдеріне жүгінген жөн. GPS-трекер қолдану жоғалған малды табуға да, басқа табынға қосылса, дау-дамайсыз дәлелдеуге де ыңғайлы. Міндетті түрде малдың әр басын сырғалап, ен-таңба салыңыздар", - деді ІІМ өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу