ІІМ: Олар құрбандарын есірткі қолдануға мәжбүрлеген

Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 76 қылмыс тіркелді. 

ІІМ: Олар құрбандарын есірткі қолдануға мәжбүрлеген Фото: liter.kz

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 76 қылмыс тіркелді. Оның ішінде, жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 5, кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін – 9, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 7, адам саудасы үшін – 14, притон ұйымдастырғаны үшін – 41 іс бар", – деді спикер.

Мысалы, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 11 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеген. Олар ұзақ уақыттан бері Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында жыныстық пайдалану мақсатында қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатумен айналысқан.

"Осылайша тергеу барысында қылмыстық топ қыздарды "ВКонтакте" желісі арқылы "жоғары жалақы төлейміз" деп алдап, шақырған. Кейін құжаттарын тартып алып, жезөкшелікке салған. Олар тыңдамаған жағдайда жазалап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген", – деді спикер.

Аталған фактіге қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу