ІІМ Саратовта оқыған қазақстандық курсанттың қазасына байланысты пікір білдірді

483

Ресейлік БАҚ-та 19 жасар отандық курсанттың қазасы туралы ақпарат тараған болатын. 

ІІМ Саратовта оқыған қазақстандық курсанттың қазасына байланысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

ІІМ Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы Саратов әскери институтында оқыған курсанттың өліміне байланысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz

"19 ақпан күні Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы әскерлерінің Саратов әскери институтында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің 3 курс курсанты қаза тапты. Ол 2020 жылы "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, "Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген болатын", - делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Росгвардия өңірлік басқармасының баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу