ІІМ шекаралас аумақта ауғандық апиынды жеткізетін арнаның жолын кесті

188

Арнайы операция барысында Шымкент қаласында Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.  

ІІМ шекаралас аумақта ауғандық апиынды жеткізетін арнаның жолын кесті Фото: polisia.kz

Қазақстан және Қырғызстан Ішкі істер министрліктері тығыз өзара іс-қимыл мен шекара маңы ынтымақтастығы аясында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізудің сыртқы трансұлттық арнасының жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдіктілерден шамамен 5 келі ауғандық апиын есірткі заты тәркіленді.

– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың әрекеттеріне есірткі контрабандасы және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгілері бойынша қосымша құқықтық баға беру мәселесі қарастырылуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Ішкі істер министрлігі халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында еліміздің аумағына есірткі жеткізудің сыртқы арналарының жолын кесуге, сондай-ақ ел аумағы арқылы жүзеге асырылатын есірткі транзитіне қарсы бағытталған нысаналы арнайы операцияларды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу