ІІМ шетелдік автомобильдерді заңдастыру бір реттік шара екенін ескертті

Автоларды елге әкелу үшін көзделген мерзімді ұзартуды тиімсіз.  

ІІМ шетелдік автомобильдерді заңдастыру бір реттік шара екенін ескертті Фото: google

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Шетелдік автомобильдерді әкелу үшін көзделген мерзімді ұзартуды тиімсіз деп санаймыз, өйткені бұл шаралар елге шетелдік автомобильдерді бақылаусыз әкелудің жаңа толқынына әкеп соғады. Азаматтарға заңдастыру бір реттік сипатта ғана болатыны ескертіледі", – деді спикер. 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы халыққа жолдауында шетелдік автокөліктерді бір реттік заңдастыру туралы тапсырма берді. Соған сәйкес, автокөліктерді бастапқы тіркегені үшін төлем 200 мың теңге мөлшерінде белгіленді және кәдеге жарату төлемі алынып тасталды.

Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін төлем мөлшерін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидалары, шарттары мен мерзімдері бекітілді. Ережелер ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу