ІІМ шетелдік көліктерді елден шығару керегін ескертті

1970

Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кірмейтін елдерден әкелінген 3 мыңға жуық көлік бар. 

ІІМ шетелдік көліктерді елден шығару керегін ескертті

Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шетелдік көліктерді  Қазақстаннан шығаруға қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

ІІМ кедендік заңнамаға сәйкес, шетелдік азаматтар кедендік баж салығын төлемей, ЕАЭО-ға кірмейтін басқа елдерде тіркелген көліктерді Қазақстанға және ЕАЭО-ның басқа мемлекетке уақытша әкеле алатынын жеткізді.

"Негізінен мұндай құқықты Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар пайдаланды. 2020-2021 жылдары мемлекеттер арасындағы шекара жабылғанын ескере отырып, шетелдік азаматтар уақытша әкелінген автомобильдерді ЕАЭО аумағынан шығара алған жоқ. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО аумағында шетелдік автокөліктің болу мерзімін 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартты",– деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Ол Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сүйене отырып, елімізде ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелінген 3 мыңға жуық көлік барын атап өтті. Серік Түсіпов бұл көліктер осы жылғы 30 қыркүйекке дейін елден шығару керегін ескертті.

"30 қыркүйекке дейін шетелдік азаматтар ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелінген көлігін елден шығаруы керек", деді басшы.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу