Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
“Шетелдік көліктерді заңдастырудың басталғанына 20 күн болды. Бүгінгі таңда 61 мың қазақстандыққа көліктерін заңдастыруға рұқсат берілген. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірлерін алды”, - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек апта сайынғы өтетін брифингте.
Айта кетейік, шетелдік көліктерді заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу