ІІМ: Су басу қаупі жоғары 9 елдімекен бақылауымызда

1108

Ішкі істер министрлігі елдегі су басу қаупі жоғары аймақтардың тізімін жасады. 

ІІМ: Су басу қаупі жоғары 9 елдімекен бақылауымызда

Ведомство басшсының орынбасыры Юрий Ильиннің айтуынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінің аумағы ерекше бақылауға алынған. Өйткені Сергеев қоймасындағы су деңгейі 1,5 метрге жуықтаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Судың көп мөлшері Есіл арқылы Ақмола облысынан, арнасынан асқан Жабай мен Колутон өзендерінен келген. Осының салдарынан республикалық маңызы бар "Челябі-Новосібір" тас жолының бір бөлгін су басқан. Бүгінде сол маңдағы көлік қатынасы айналма жол арқылы жүргізілуде. Сондай-ақ, жайылған су өңірдегі саяжайлардың аумағына да жеткен.

"Ертіс өзені арқылы Павлодар облысындағы Шүлбі гидроэлектро станциясына жиылған су қорының мөлшері де ерекше бақылауда. Бүгінде одан жіберілген су көлемін 3,5 мың шаршы метрден, шамамен 3 мыңға дейін төмендетілді. Су басу қаупі жоғары 9 елдімекен бақылауымызда", – дейді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу