ІІМ төлқұжаттағы чип не үшін керегін түсіндірді

3194

2009 жылдан бері Қазақстанда чипі бар төлқұжаттар мен жеке куәліктер беріледі.

ІІМ төлқұжаттағы чип не үшін керегін түсіндірді

Ішкі істер министрлігі (ІІМ) баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек төлқұжаттағы чип не үшін керегін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Чипі бар төлқұжаттар (паспорт) шекаралық-өткізу пункттерінен өтуді және басқа елдердің паспорттық-визалық бақылау электронды жүйелерінен өтуді жеңілдету үшін енгізілген. Төлқұжаттардағы чиптер тек шекарадан өткен кезде арнайы оқу құрылғыларымен өзара әрекеттеседі", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ АҚШ, Канада, Еуроодақ елдері, Қытай, Жапония, Малайзия, Сингапур, Австралия, Балтық елдері және ТМД-ға мүше мемлекеттердің төлқұжаттарында чиптер бар.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде видео жарияланған еді. Онда чипі бар төлқұжаттар қазақстандықтарды аңду үшін керегі айтылған. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу