Ведомство басшысының бұйрығымен ІІМ Тыл департаментінің бастығы болып Мейрам Алданов тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап полиция подполковнигі Мейрам Зурашұлы Алданов Тыл департаменті бастығының міндетін атқарды.
Министр басшыны таныстыра отырып, қоғамдық қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау шарттарының бірі ретінде ішкі істер органдарының жұмысын уақтылы әрі сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Ведомство басшысы Мейрам Алдановтың министрлік пен оның бөлімшелерін тылмен қамтамасыз ету саласындағы мол тәжірибесін, сондай-ақ жоғары кәсібилігін атап өтті.