Дәл осы жерде, яғни Мәскеу маңында Қазақстанда құрылған генерал-майор Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясының сарбаздары мен офицерлері Волоколамск бағытында фашистік басқыншылармен шайқасты.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры Бауыржан Момышұлы бұл шайқастарда жанқиярлық батылдығымен ерекшеленді.
Қазақстандықтардың батылдығы мен ерлігі туралы “Волоколамск тас жолы“ және “Артымызда Москва“ атты панфиловшылардың әскери жолы туралы әңгімелер мен романдар жазылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу