ІІМ: Жаңа жылдың алғашқы күндерінде қылмыстық оқиғалар тіркелмеді

793

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде төтенше жағдайлар мен қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ.  

ІІМ: Жаңа жылдың алғашқы күндерінде қылмыстық оқиғалар тіркелмеді Фото: aikyn.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мереке күндері көшелерде полиция жасақтарының тығыздығы ұлғайтылды. Бейне бақылау камералары арқылы бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарына визуалды бақылау қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде төтенше жағдайлар мен аса ауыр қылмыстық оқиғаларға жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлері және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері күшейтілген режимде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді жалғастыруда", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу