ІІМ жаяу жүргіншілерге 70 мың теңгеге айыппұл салуға қатысты түсіністеме берді

958

 ЖКЕ бұзған жаяу жүргіншілер үшін айыппұл 2 АЕК құрайды.

ІІМ жаяу жүргіншілерге 70 мың теңгеге айыппұл салуға қатысты түсіністеме берді

WhatsApp желісінде рұқсат етілмеген жерден өткен жаяу жүргіншілерге 70 мың теңге айыппұл салынатыны туралы хабарлама таралып жатыр. ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина аталған хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Еліміздегі әрбір жол-көлік апаты жаяу жүргіншілердің қатысуымен болып жатады. Жыл басынан бері тіркелген көлік апатының 540-ы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болып отыр. Оның ішінде 115 адам көз жұмып, шамамен 450-і түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды", - деп жазды ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

"Хабарлама айыппұл көлемінен алғанда әрине жалған. ЖКЕ бұзған жаяу жүргіншілер үшін айыппұл 2 АЕК құрайды. Ал жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерді анықтау үшін жол-патрульдік қызметтің мамандарымен тұрақты жүргізіледі", - деді ол.

Жаяу жүргіншілердің қатысумен болатын көлік апатының негізгі себебінің бірі - рұқсат етілмеген жерден өтуі.

"Көп жағдайда ересек адамдар балаларының көзінше ЖКЕ бұзып жатады, олар үлкендердің әрекетін қайталайтынын ойламайды. Қазір жауын жауып, көктайғақ болып жатқанда мұндай жол жүру ережесін бұзушылық өте қауіпті", - деп жазды Ирина Лукьянина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу