Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлады.
Оның сөзінше, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау ЖКО ықтималдығын азайтуға көмектеседі.
“Жол қауіпсіздігі жаяу жүргіншіге де, жүргізушіге де байланысты. Қауіп-қатер екі жақта да бар. Себебі жол-көлік оқиғасына көбінесе көшені рұқсат етілмеген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жаяу жүргіншілер кінәлі болады. Кейбіреулер тіпті жолды кесіп өтерде жан-жағына қарау керек екенін ұмытып жатады, ал бұрылыстан күтпеген жерден көлік шыға келуі мүмкін. Түнгі уақытта барлық жүргізушілер жаяу жүргіншілерді байқай бермейді, өйткені жаяу жүргіншілер киімдерінде шағылыстыратын элементтерді сирек пайдаланады”, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.