Рөлде телефон ұстап, жолда жылдамдықты асырғандарға бақылау күшейтіледі

379

Министрлік цифрлық технологиялардың көмегімен жол қозғалысына айрықша ден қойып отыр.   

Рөлде телефон ұстап, жолда жылдамдықты асырғандарға бақылау күшейтіледі Фото: freepik.com

Polisia.kz хабарлауынша, дрондар, патрульдік көліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік кешендер полиция қызметкерлеріне жол жүрісі қағидалары бұзылуын анықтауға, қауіпті жағдайларға жедел ден қоюға, жол апаттарының алдын алуға көмектеседі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қала сыртындағы жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі қолданылады. Қазір бұл жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген.

"Ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысын әуеден бақылайды. Олар жылдамдықты асырған және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілерді тіркейді. Ең бастысы дрондар құқықбұзушылықтарға жедел ден қоюға және жол апатының алдын алуға көмектеседі. Патрульдік көліктерге орнатылған мобильді кешендер де жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады. Олар көлік ағыны арасынан ұялы телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру және маневр жасау қағидаларын бұзу сияқты деректерді автоматты түрде анықтайды", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Сонымен қатар, жол апатының алдын алу үшін лазерлік жүйелер пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу