Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лазерлік жүйелерді қолдануды кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта жолдарда 56 лазерлік құрылғы жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 48 құрылғы орнату жоспарланған.
Лазерлік жүйелер түнде, тұман, боран және қатты жаңбыр кезінде көріну шектелген жағдайда жүргізушілерге жол бағдарын айқындауға көмектеседі. Аталған технологияны жол қозғалысы қауіпсіздігі тұрғысынан аса маңызды жол учаскелерінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
ІІМ жол қауіпсіздігін арттыру үшін орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау, дрондарды пайдалану және жасырын патрульдеу шараларын да жүзеге асырып жатыр.