Елімізде "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясы жарияланды

514

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу.  

Елімізде "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясы жарияланды Фото: Depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, республика аумағында "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы БҰҰ Конвенциясының ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу