Иіс су ұрлаған азамат сотталды

1063

Иіс су ұрлаған азамат сотталды

Астана қаласы сотының баспасөз қызметі жұмыс орнынан 2 млн теңгенің иіс суын қолды қылған күзетшіге қатысты мәлімет таратты.  

Ер адам құны 2 051 504 теңгені құрайтын парфюмерия өнімін жасырын ұрлаған. Ол сотта кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді және келтірілген шығынның орнын толтырды.

Есіл аудандық сотының үкімімен ер адам ҚК  188-бабы 3-бөлімі бойынша сотталды. ҚР Заңының "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заңының ережелері ескеріліп, оған шартты түрде 1 жыл 9 ай көлемінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу