Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осылай деп мәлім етті.
Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің кинологиялық орталығы төбет тұқымына жататын иттердің қызметіне жүгінбекші.
"Күшіктер Алматыдан жақында ғана жеткізілді. Қазіргі уақытта оларды баулып жатыр", – деді Нұрділдә Ораз.
Ресми өкілдің мәлімдеуінше, төбеттерге ескірткі табу міндеті жүктеледі.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу