IJF 2021 жылдың жаңартылған жарыс күнтізбесін жариялады

931

11-13 қаңтарда Катар астанасы Дохада "Masters" турнирі өтеді. 

IJF 2021 жылдың жаңартылған жарыс күнтізбесін жариялады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2021 жылға арналған жарыс күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Olympic.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

18-20 ақпан күндері Тель-Авив "Үлкен Дулыға" бәсекесін қабылдайды. Аталған сында әрбір салмақтағы жеңімпаздар 1000 ұпай алатынын айта кету керек. 

Наурыз және сәуір айлары да жарысқа толы болмақ: 5-7 наурыз күндері Ташкентте "Үлкен Дулыға" турнирі өтсе, 26-28 наурызда Тбилиси татамиінде кезекті жеңімпаздар анықталады.

"Үлкен Дулыға" бәсекесінің тағы бір кезеңін 1-3 сәуір аралығында Түркия қабылдайды.

8-9 мамырда әлемнің үздік дзюдошылары Париж төріне жиналады.

6-13 маусым күндері Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік додада 14 салмақ және 1 аралас командалық сын жеңімпаздары белгілі болмақ. 

Ал жылдың басты оқиғасы – шілденің аяғында өтетін Токиодағы Олимпиада ойындары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу