IJF індет кезінде жарысқа қатысушыларға қойылатын басты талаптар жариялады

616

Әлемде кеңінен таралған індетке қарсы вакцинация әлі табылмағандықтан, турнир барысында барлық сақтық шаралары қолданылады.   

IJF індет кезінде жарысқа қатысушыларға қойылатын басты талаптар жариялады

Халықаралық дзюдо федерациясы жарыс кезінде қатаң сақталатын талаптар тізімін жария етті, деп хабарлайды olympic.kz сайты.

Жарысқа қатысушылардың барлығы да ережеден аттамауы тиіс. Турнир алдында спортшылар, ресми тұлғалар, бапкерлер мен басқа да қатысушыларға тестілеуден өту міндеттеледі. 

IJF мәліметінше, турнирге қатысушылардың барлығы соңғы 14 күнде қандай да бір ауру белгілерінің жоқ екендігін дәледейтін, COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін медициналық анықтама әкелуі тиіс.

Сондай-ақ,  елге және тұрғын үйге кірерде және жарыс өтетін аумақтың барлығында дене қызуы сәт сайын өлшеніп тұрады.  

Маска кию татами мен жаттығу залдарынан басқа жерлердің барлығында міндеттеледі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу